Premier Business Consulting&Communications

Біз стратегиялық консалтинг, компанияның ESG кешенді бағалауы, тұрақтылық дамуы мен
IR-коммуникациясы саласындағы көшбасшымыз

Premier Business Consulting&Communications — бұл стратегиялық кеңес беру, корпоративті тұрақтылықты дамыту және инвестициялық қоғамдастықпен өзара әрекеттесу саласында тиімді шешімдер ұсынатын мамандандырылған қазақстандық компания. Біздің Қазақстанда және шетелде тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы кешенді, сонымен қатар ESG жобаларды жүзеге асыруда бай тәжірибеміз бар.

PBCC — бұл консалтингтік бутик. Жыл сайын біз тек сапалы қызметтерді ұсыну және компаниялардың қызметіндегі нақты өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында клиенттердің шектеулі санына арналған жобаларды жүзеге асырамыз. Біз күрделі және нүктелі мәселелерді арнайы таңдалған құралдарды қолдана отырып шешеміз.

Біздің команда халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған мықты және тәжірибелі мамандардан тұрады. Біз әлемдік трендтердің мәнін түсінеміз, стратегиялық консалтинг және ESG-бағалау саласындағы жетекші халықаралық әдістерді шетелдік тәжирибені жергілікті қазақстандық жағдайда қалай жузеге асыру керектігін тусінеміз білеміз.

Қызметтер

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Компанияның басқару практикасын, оның қаржылық және қаржылық емес тәуекелдерінің кешенді стратегиялық аудиті. Корпоративтік деңгейде де, жоба деңгейінде де кәсіпкерліктің негізгі бағыттарын талдау. Ұлттық және халықаралық әдістерді (атап айтқанда, ESG көрсеткіштерін) қолдана отырып, компанияларды ішкі және сыртқы бағалау, әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар дайындау. Қазақстандық және халықаралық стейкхолдерлер үшін аналитикалық материалдар әзірлеу.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ КОНСАЛТИНГ

Корпоративтік басқару жүйесін дамытудың жаңа құралдарын бағалау және әзірлеу. Бұл құралдар менеджменттің қаржылық және қаржылық емес тәуекелдер мен мүмкіндіктерді компанияның өзінде де (оның барлық аймақтарында) және жеткізілім шеңберінде тиімді басқаруға мүмкіндік береді. ESG факторларын басқарудың тиімді жүйесін құру, жетекші халықаралық тәжірибеге негізделген компанияның КӘЖ тұрақты дамуы.

IR-КОММУНИКАЦИЯЛАРЫ

Корпоративтік IR-коммуникациялық жүйесін бағалау және жетілдіру. Халықаралық инвестициялық қоғамдастықпен диалог құру. Ұлттық заңнаманың және жетекші халықаралық стандарттар желісінің талаптарына сәйкес жылдық біріктірілген және қаржылық емес есептілікті дайындау. Инвестициялық қоғамдастыққа бағытталған корпоративті презентация материалдарын дайындау.

Компания туралы

Premier Business Consulting & Communications 10 жылдан астам уақыт бойы кәсіби корпоративті есеп беру, стратегиялық және басқарушылық кеңес беру, ESG тәуекелдерді бағалау және компания қызметін, IR коммуникациялары, беделін арттыру саласында қызмет көрсетеді, сонымен қатар ашық және корпоративті тренингтер өткізеді. Біз диджитал коммуникация саласында қызметтерді ұсынамыз және компанияның әлеуметтік жауапкершілік беделін көтереміз.
Біздің барлық өнімдеріміз бен әдістеріміз авторлық құқықпен қорғалған және клиенттеріміздің сынағынан өткен. Олар жетекші халықаралық талаптарға және тәжірибеге ғана емес, сонымен қатар компаниялардың міндеттері мен олардың салалық ерекшеліктеріне толықтай оңтайландырылған.

Неліктен біз?

Біз — ТМД нарығында кәсіби корпоративті есеп беру, стратегиялық кеңес беру, ESG-ді кешенді бағалау, инвесторлармен байланыс және тұрақты даму саласындағы жетекші сарапшымыз.

Біз компания алдына қойған мәселелерді шешуге бағытталғанбыз және бұл үшін халықаралық құралдарды, түрлі салалардағы заманауи авторлық әдістерді қолданамыз.

Біз әрбір клиентпен әріптестікке жеке көңіл бөлеміз, оның қызметінің ерекшеліктеріне терең үңіліп, тиімді құралдарды ұсынамыз. Улгілік дайын шешімдеді қолданбаймыз.

Біз қиындықтарға дайынбыз, үнемі дамып келеміз, әлемдік трендтерді қадағалап, өз жұмысымызға құштарлықпен қараймыз. Осының арқасында біз клиенттерімізге тек таңдаулы шешімдер ұсынамыз.

БҰЛ КОМПАНИЯЛАР БІЗДІ ӘЛДЕҚАШАН ТАҢДАП ҚОЙҒАН

Байланыс ақпараты

Premier Business Consulting&Communications office@pbcc.kz